Жамбыл және Ақтөбе облыстарының кәсіподақ мүшелері үшін оқыту семинары өткізілді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Білім беру марафоны» аясында кезекті онлайн оқу-семинары өткізілді.

Жүзден аса кәсіподақ активтері қатысқан семинардың бүгінгі тыңдаушылары  Жамбыл және Ақтөбе облыстарының денсаулық сақтау, теміржол саласы,  мәдениет, спорт және ақпарат жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының бастауыш кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ белсенділері болды.

«Еңбек шартын тоқтату негіздері. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері және тәртібі» тақырыбындағы семинарға қатысушылар Қазақстанның еңбек заңнамасын қолдану, Келісім комиссиясының жұмысы, ондағы кәсіподақ өкілдерінің рөлі талқыланды.

Семинарды ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары  Ләззат Есжанова ашты. Ол кәсіподақ жұмысын одан әрі жетілдірудің, қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарын жан-жақты қорғау ісіндегі дағдылар мен құзыреттерді арттырудың, кәсіподақ мүшелерінің жоғары құқықтық сауаттылығының маңыздылығын атап өтіп, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік әріптестікті дамытуға шақырды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Лекторлар пулының мүшесі  Майра Боранбаева ҚР Еңбек Кодексінің 49 бабында көзделген еңбек шартын тоқтату негіздерінің әрқайсысынна жеке тоқталып, жан-жақты түсіндіріп берді. Сондай-ақ семинардың спикері  ҚР Еңбек Кодексінің 52,53 баптарында көрсетілген еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері мен оның тәртібі туралы қатысушыларға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Теориялық бөлімнен кейін семинар “сұрақ-жауап” форматында жалғасты. Семинарға қатысушылар көкейіндегі сауалдарына нақты жауап ала алды.

Майра Боранбаева қатысушылардың еңбек қатынастары кезінде жиі кездесетін еңбек  шартын тоқтатуға қатысты яғни, жұмыстан босатуға қатысты қойған сұрақтарына нақты жауап берді.