Жүйелі жұмыс – жемісті нәтиже

“Шапағат-педагог” білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезекті II есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Жиынға “Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла, “Шапағат-педагог” білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы төрайымы Гүльнара Тлеубердиева, “Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің заңгері Ермахан Тлепберген, кәсіподақ ардагері Моминов Эрполат және әлеуметтік әріптестер, сала ардагерлері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан сайланған делегаттары қатысты.


Конференция жұмысында кәсіподақтың соңғы бес жылда атқарған жұмыстарының есебі беріліп, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, кәсіподақтың құқықтық қызметінің пәрменділігі, кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.
Есепті жиынды ашқан Гульнара Тлеубердиева “Шапағат-педагог” білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының есепті мерзім ішіндегі кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқығын және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында атқарылған кәсіподақ жұмыстарына жіті тоқталды. Сонымен қатар ұйым төрағасы кәсіподақтың ұйымдастырушылық құрылымы, әлеуметтік әріптестік, құқықтық жұмыс, жастармен жұмыс, ақпараттық жұмыс және ұйымдастыру жұмыстары туралы кеңінен баяндады.


Сондай-ақ 2019-2023 жылдары аралығында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.Келесі кезекте кәсіподақтың ревизиялық комиссиясының есебі тыңдалды.
Алқалы жиын жарыссөздермен жалғасын тапты. №30 Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш ұйымының кәсіподақ комитетінің төрағасы Турлыбеков Анарбек, “Оқу-өндірістік комбинаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Халметова Гульнора, №75 НББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Халмуратов Хикматжан, №41 Жамбыл атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің төрағасы Раметов Тохтаниез, “Айтан” бөбекжай бақшасы бастауыш ұйымының кәсіподақ комитетінің төрайымы Карабаева Койлегез сөз сөйлеп, кәсіподақтың ауқымды жұмысына оң баға берді.


“Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла “Шапағат-педагог” білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бес жылда атқарылған жұмыстарына оң баға беріп, кәсіподақ комитетінің төрайымы лауазымына Тлеубердиева Гульнара Абдулламитовнаны ұсынды.


Конференцияда делегаттардың бірауызды шешімімен Гульнара Тлеубердиева “Шапағат-педагог” білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының алдағы өкілетті мерзіміне төрайым болып қайта сайланды.
Конференцияға қатысқан делегаттар ұйым жұмысының есебіне оң баға беріп, кәсіподақ комитетінің және атқару комитетінің жаңа құрамын сайлады.
Жиын соңында кәсіподақ мүшелері арнайы Алғыс хат және төс белгілермен, кәсіподақ атынан сый-сияпаттармен марапатталды.