Кәсіподақтың Заң клиникасы өз жұмысын бастады

2024 жылдың 1 наурызынан бастап “Абай облысының Кәсіподақ орталығы” Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде халыққа олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қолдану және іске асыру бойынша практикалық, тегін (консультативтік) көмек көрсету мақсатында ҚРКФ Заң клиникасының филиалы өз жұмысын бастады.

Заң клиникасы филиалының базасында “Татуласу Орталығы” татуластыру орталығы ашылды. Татуласу орталығының” міндеті тараптар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен дауларды соттан тыс шешуді ұйымдастыру мен жүргізуде, сондай-ақ медиативтік, психологиялық, әлеуметтік, заңдық, ақпараттық және өзге де ілеспе қызметтерді көрсетуде жүйелі тәсілді қамтамасыз ету болып табылады.


Халық Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 9, 204 кабинет (кәсіподақтар үйі) мекенжайы бойынша ауызша және жазбаша нысанда 8 747 654 49 46 телефоны бойынша хабарласа алады. E-mail: top.abay@mail.ru