Салауатты өмір салтын ұстану – өмірлік ұстаным

Аршалы ауданының Аршалы кентінде “Денсаулық” облыстық спартакиадасының соңғы топтық кезеңі өтті, оның ұйымдастырушысы “Ақмола облысының Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің “Senim” жергілікті кәсіподағы” ҚБ болып табылады.

Топтық жарыстар спорттың бес түрі бойынша өткізілді: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және тоғыз-құмалақ. Командалар “SENIM” жергілікті кәсіподағының құрамына кіретін және медициналық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен құрылды.

Мәселен, 31 Наурызда Аршалы кентінің спорт кешені базасында спорттың екі ойын түрінен топтық кезең жарыстары өтті. Топтық кезеңге Целиноград, Аршалы, Қорғалжын аудандарының, Қосшы қаласының медициналық мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының және Астана қаласының №2 көпсалалы облыстық ауруханасының бес командасы қатысты.

Аймақтық кезең ережелері бойынша командалардың құрамы кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының мүшелері болып табылатын медициналық мекемелердің қызметкерлерінен құралған. Аймақтық жарыстардың шарттары бойынша әр аймақтан бір құрама команда финалға шығады.

Әуесқой спортшылар ерекше қызығушылықпен сайысқа қосылды, әрқайсысы өз ұйымының абыройын қорғауға тырысты. Ойындар шынымен қызықты болды, көптеген жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлады. Әр жанкүйер ойыншылардың өздерінен кем болған жоқ. Медицина қызметкерлері өздерінің бастауыштарының үйлесімділігін және салауатты өмір салтына белсенді көзқарасын көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

шағын футбол бойынша:
1 орын-Астана қаласының № 2 көпсалалы облыстық ауруханасының командасы
2 орын-Аршалы аудандық аурухана командасы
3 орын-Целиноград аудандық емхана командасы

волейбол бойынша:
1 орын-Целиноград аудандық емхана командасы
2 орын-Аршалы аудандық аурухана командасы
3 орын-Астана қаласының № 2 көпсалалы облыстық ауруханасының командасы

Осы аймақта тағы үш түрден (үстел теннисі, шахмат және тоғыз-құмалақ) жарыс ағымдағы жылдың сәуір айында өтеді.