«Сән технологиясы» және «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша Juniorskills чемпионаты өтті

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Гүлзира Атабаева және «Келешек» жастар кеңесінің өкілі Диана Шомбаева «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК шақыруымен  Павлодар облысында жыл сайын  2024 жылғы WorldSkills өңірлік чемпионаты аясында өткізілетін «Сән технологиясы» және «Шаштараз өнері» құзыреттіліктері бойынша Juniorskills кәсіби шеберлік байқауына қатысты.


Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің базасында өткізілген чемпионатқа облыс мектептерінің 9 сынып оқушылары қатысты.
Байқау JuniorSkills жасөспірімдер қозғалысы аясында ұйымдастырылды. Қозғалысқа қатыса отырып, жасөспірімдер қазақстандық және әлемдік WorldSkills қозғалысының бір бөлігі болып қана қоймай, кәсіби мансапты қалыптастыруға және таңдауға алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік алады, бұл мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.


Байқаудың негізгі мақсаты – «Шаштараз өнері» және «Сән технологиясы» құзыреттілігіне назар аудару, жұмысшы мамандығын дәріптеу, оқушылардың кәсіби бағдарын дамыту.
«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша практикалық тапсырма шеңберінде алжапқышты тігу сапасы мен уақытына дайындау көзделген. Қазылар алқасы үлгінің пішіні, конструкциясы мен тігін сапасы сияқты ерекшеліктерді бағалады.


«Шаштараз өнері» құзыреті аясында кешкі шаш үлгісін жасау қажет болды.


Конкурс қорытындысы бойынша барлық конкурсанттар қатысушылардың сертификаттарымен марапатталды, үш дәрежелі жүлдегерлер анықталды (1, 2, 3 орын). JuniorSkills байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазына «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Chayka 210 тігін машинасы табысталды.


Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Шаштараз өнері» құзыретінде 3 орын алған Juniorskills байқауының жеңімпазын арнайы жүлдемен марапаттады.
«WorldSkills өңірлік чемпионатының жыл сайынғы байқауына қатысу-табысты мансапқа, мамандық таңдауға және кәсіби шеберлікке апаратын жол», – деді  Гүлзира Атабаева.