«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалының II Есеп беру сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің төрағасы Сапарбек Дюсенов, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары, Ерғазы Нұртазаұлы, сала ардагерлері және облыс көлеміндегі емдеу мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 118 делегат қатысты.
Конференцияда салалық кәсіподақ филиалының 2018-2023 жылдар аралығындағы атқарылған жұмыстары бойынша филиалдың төраға міндетін атқарушы Сәулебек Ысқақов есеп берді. Сонымен қатар осы жылдар аралығындағы заңгерлік жұмыстар бойынша филиал заңгері Мұрат Абдрасулов және бақылау комиссиясының төрайымы Айгерім Бектасова өз есептерін делегаттарға жеткізді. Берілген есептер бойынша делегаттар филиалдың жұмысына оң баға беріп, жұмыстар нәтижесін қанағаттандырарлық деп таныды.
Есеп беру сайлау конференциясының күн тәртібіне сәйкес филиалдың төрағасына және филиал кеңесіне сайлау өтті. Сайлаудың барлық делегаттардың қолдауымен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Сәулебек Ысқақов сайланды.
Конференция барысында бірқатар кәсіподақ белсенділеріне республикалық салалық кәсіподақтың және Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің марапаттары табысталды.