Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен «Алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету» атты семинар-тренинг өтті. Аталмыш шара «28 сәуір-Еңбекті қорғау күні» аясында жүзеге асырылуда.
Семинар лекторы-«Batys Oil» тренинг орталығының нұсқаушысы , «Қызыл жарты ай» қағамдық ұйымының БҚО филиалының төрағасы – Тенишева Светлана Владимировна.
Шара барысында кәсіподақ мамандарына төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсету амалдарын түсіндіріп, еңбек шартына сәйкес қолданылатын шараларға тоқталды.
Сондай-ақ, Светлана Владимировна алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының құрамымен таныстырып өтті.
“Алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету – адамдардың сапалы көмек алу мүмкіндігін арттырады. Әсіресе еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған табиғи жағдайларға байланысты сапалы көмек көрсету жүйелерін, көмек көрсету құралдарын білу маңызды”, – деді спикер.
Жиын соңында қатысушылар барлық қызықтыратын сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды. Осы бағыттағы шаралар облыстың жергілікті, салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жалғасын таппақ.