«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы Бауыржан Алтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Отырысқа салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде бүгінгі таңдағы келесідей өзекті мәселелер қаралды:
1. ҚР Кәсіподақтар федерациясы бастамасымен еліміздің солтүстік, батыс өңірлерде су тасқыны орын алып, зардап шеккен кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына материалдық қайырымдылық көмек көрсету туралы.
2. 2024 жыл 11-13 сәуіріңде Астана қаласында Қазақстанның еңбеккер әйелдерінің Форумына қатысатын делегаттарымыздың дайындығы туралы.
Баяндамада Бауыржан Алтеев ҚР Кәсіподақтар федерациясы бастамасымен еліміздің солтүстік, батыс өңірлерде су тасқыны орын алып, зардап шеккен кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына материалдық қайырымдылық көмек көрсету туралы және салалық кәсіподақ филиалдарымен жергілікті кәсіподақ ұйымдарына бір күндік жалақысын ҚР кәсіподақтар федерациясы есеп счетына аудару жөніндегі ұсыныс беру жөнінде айтты.
Осы сұрапыл күндері күн демей, түн демей, көз ілмей, жанталасып жасап жатқан құтқарушылар мен еріктілерге, әлеуметтік көмек көрсетушілерге жасап жатқан жұмыстары үшін баршамыз басымызды иіп, алғыс айтамыз.
Екінші мәселе бойынша 2024 жыл 11-13 сәуіріңде Астана қаласында Қазақстанның еңбеккер әйелдерінің Форумына қатысатын делегаттарымыздың мерзімінде баруы және оралуы қамтамасыз етілуі жөнінде айтылды.
Отырыстың соңында бірлестіктің ағымдағы жұмыстары туралы да мәселелер қаралды