Қазақстан халықаралық гендерлік теңдік индексі рейтингінде үш саты жоғарылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумында айтып өтті.
Қазақтан халықаралық гендерлік теңдік индексі бойынша 146 елдің арасында 62-орында тұр. 2022 жылы еліміз 65-орында болатын, – деп түсіндірді федерация төрағасы.
Сондай-ақ Сатыбалды Дәулеталин әйелдер мен ерлер еңбекақысындағы айырмашылықты жою қажеттігін алға тартты.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, 2023 жылы ер азаматтар әйелдерге қарағанда 22%-ға көбірек табыс тапқан. Бұл тұрғыда ерлердің жалақысын төмендетпей, әйелдердің еңбекақысын арттыру арқылы теңдікті сақтау маңыздылығын алға тартамыз, – деп нақтылады Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.