Еңбек адамы айдарында – Балжан Ботатаева

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы аппаратының кәсіподақ ұйымының төрайымы Балжан Ақылтайқызы Ботатаева 1954 жылы 10 сәуірде оқытушылар отбасында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономика және жоспарлау» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын 1981 жылы Көкшетау темір жолы бөлімшесінде бастаған. 2004 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалында экономист, жетекші, «Астана» қаржы-экономикалық бөлімінің экономисі, экономика бөлімінің бастығы, бас бухгалтер, экономика басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Оның жалпы еңбек өтілі 50 жылды құрайды, соның ішінде 42 жыл темір жол саласында еңбек етті. Көп жылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және жауапкершілігі үшін көптеген марапаттарға ие болды.

Қазіргі уақытта Балжан Ботатаева «ҚТЖ» ҰК» АҚ –«Магистральдық желі дирекциясы» филиалы аппаратының кәсіподақ ұйымын басқарады. Филиал аппаратының кәсіподақ ұйымы еңбек заңнамасын сақтау, әлеуметтік әріптестікті дамыту мен нығайту, қызметкерлердің еңбегі мен денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, мәдени-бұқаралық, қайырымдылық акцияларын өткізу, жастармен жұмыс және басқа да іс-шаралар бөлігінде белсенділік танытып, ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

Кәсіподақтардың негізгі міндеті – еңбекшілердің заңды құқықтары мен өмірлік маңызды мүдделерін қорғауда Балжан Ботататеваның сапалы жұмысы мен ізгі ниетін әріптестері жоғары бағалайды.