Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Лайықты еңбек жылына арналған іс-шаралар шеңберінде Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалы мүшелік ұйымдарының кәсіподақ активі арасында боулинг бойынша командалық турнир өткізді.
Жарыс кәсіби боулинг орталығында өтті. Оған барлығы 8 команда қатысты. Алғашқы үш жүлдені «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС, «Астана-Тазалық» ЖШС және «Мемсараптама» РМК кәсіподақ ұйымдарының командалары иеленді.
Байқауға қатысушылар өздерімен бірге тамаша көңіл-күй, позитивті көзқарас және ұмытылмас әсерлер алып қайтты. Жарысқа алғаш рет қатысқан кәсіподақ ұйымының жаңа мүшелері «Елорда Эко Система» МКҚК Айнұр Каримова және ««Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС Нұрания Жақсылықова турнирдің өте қызықты өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға кәсіподақ мүшелерінің корпоративтік ұжымдық рухын және олардың бірлігін арттыру үшін осындай қызықты шараларды жиі өткізуді ұсынды.