Еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған байқаулар жеңімпаздары анықталды

Жылдағы дәстүр бойынша  Ақтөбе ферроқорытпа зауыт әкімшілігі   еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің жетекші мамандары Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін ерекше бір сипатта кең көлемде  атап өтті. Қауіпсіздік айлық барысында қауіпсіз еңбек ережелерін насихаттап, түрлі іс-шаралар ұйымдастырған цех және бөлімше ұжымдары, жеке тұлғалар, үздіктердің үздігі марапатталды. 2024 жылдың «Қауіпсіздік көшбасшысы» аталымына  №2 балқыту цех ұжымы лайықты деп танылды.

Еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өндірісте бақилық болған зауыт қызметкерлерін бір минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімімен басталды. Еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Гамаль Казарян  еңбекті қорғау және қауіпсіздік айлығына белсене қатысқан барлық зауыттықтарға, цех басшыларына алғысын білдірді.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған шаралар легі айға ұласып әр цех, бөлімшелер өздерінің жұмыс орындарын ретке келтіріп, түрлі маңызды шараларды өткізіп, қауіпсіз еңбекті насихаттау барысында ерекше көзге түскен цех ұжымымының қатарын: «Үздік учаске» аталымы бойынша  механикалық жөндеу цех ұжымы,  техникалық қадағалау цехы, №3 сынама дайындау кен қоймасы толықтырды.

Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымы да қауіпсіздік шарадан қалыс қалмады. Өндірісте техникалық инспекторлардың арасында сайыс өткізіп   қауіпсіздік сақшыларының үздіктерін анықтады. Кішкентай балаларымызда  өздерінің үлестерін қосып «Қауіпсіздік балалар көзімен» атты байқауға қатысып өз ойларын ата-аналарының қауіпсіз еңбек етуін фотосуреттер арқылы жеткізді. Осындай игі істердің ұйытқысы болған кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров және Азаматтық қорғаныс штабы, төтенше жағдай және әскери есебінің басшысы  Аманжол Умбетов, денсаулық сақтау пунктінің қызметкері Баян Бирхалеева зауыт әкімшілігінің арнайы  дипломы және естелік сыйлығымен марапатталды.

«Үздік желілік жетекші» байқауының жеңімпаздары: №4 балқыту цехының ауысым шебері  Ахмет Батыров, ғимаратты газдан тазарту цехының шебері  Ержан Туганбаев,  Сервистік қызмет көрсету цехының энергетик-шебері Евгений Павловец үздіктер қатарынан көрінді.

Келеңсіз жәйттен  зардап шеккендерге алғашқы  көмек көрсеткен гимаратты газдан тазалау цехының шебер-электромеханигі  Данияр Мустафин,  химиялық күйік алған адамға дер кезінде тиісті жәрдемін берген   химиялық сараптама зертханасының лаборанты Асел Джанзакова, металлды уату кезінде көз жарақатын алған зардап шегушіге көмек көрсеткен №1 балқыту цехының шикізатты жылжыту жөніндегі бригадирі Азамат Мухамбеткалиев,  №1 сервистік қызмет көрсету цехының   слесарь-жөндеушісі Рахим Ибраевтар бүгінгі күннің батырлары ретінде құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ, тайып құлап жарақат алған,  есінен танып қалғандарға алғашқы көмек көрсету және жол жүру ережесін сақтамағандарды жөнге салу сияқты шараларды жүзеге асырғандары үшін:   энерго цехтың слесарь- жөндеушісі Жансейіл Тәжіғалиев автокөлік цехының жүргізушісі Кенжеғали Каржаулов, теміржол цехының түсірушісі Талғат Казиев және поездарды құрастырушы Дамир Умбеталиндер марапатсыз қалмады.

Өрт сөндіру қауіпсіздігі  бойынша цехаралық жарыста апатқа қарсы оқу жаттығу байқауы  ұйымдастырылып нәтижесінде : 1-орын Алтын өрт сөндіргіш қөұралы  және  120 мың ақшалай сыйлықпен  №2 балқыту цехы марапатталса,  2-орын күміс өрт сөндіргіш құралы,  90 мың теңге ақшалай сыйлыққа  №1 балқыту цех ұжымы, 3-орын қола өрт сөндіргіш құралы  және 75 мың ақшалай сыйақы №4 балқыту цехы қол жеткізді.

№4 цехтың балқытушысы Асхат Біртайұлы «Үздік сөндіруші», №2 балқыту цехының өндіріс жөніндегі менеджері Абай Рахметов «Апатты жою бойынша  үздік жетекші» аталымын жеңіп алды.

«Каскадағы кейіпкер» бенебаян түсіру барысында : 1-орынды №2 балқыту цехының балқытушысы Александр Ольтов, 2-орын жөндеу-механикалық жөндеу цехының слесарь-жөндеушісі Асет Кушекбаев, 3-орын қожды өғдеу цехының ауысым шебері Евгений Вебер иеленді.

Өндірістегі бригадирлер сайыс қорытындысы бойынша үздіктерге құрмет көрсетілді. Олар: 1-орынды №2 балқыту цехы, металлургиялық құрал-жабдықтарды жөндеу цех, 2-орын №1 балқыту цехы және механикалықжөндеу цех ұжымы, 3-орын ЦФиОФ, шикіқұрамдарды дайындау цехына бұйырды.

Қауіпсіздіктің сенімді серіктерінің бірі де бірегейлері бригадирлер. №1 балқыту цехының дозалаушысы әрі бригадирі  Валентина Рудинскаяда  назардан тыс қалмады.

Өндірісте ата-аналарының қауіпсіз еңбек етуіне атсалысқан бүлдіршіндердің еңбектері, кішкентай қолдарынан шыққан туындылары  зауыттықтарға үлкен ой салды. «Менің отбасымның қауіпсіздігі» атты балалар арасындағы байқауға қатысушылардың саны  жыл сайын артып келеді. Биыл  6-9, 10-14 жас аралығындағы 70 астам  балақайлар қатысып, қауіпсіздікке өз үлестерін қосып қуантты. Жүлделі орынға қол жеткізген балалар арнайы диплом және ақшалай сыйақымен қошеметтелді. Қалған балаларға да корпоративтік  рюкзактар таратылды.

Зауытымыздың жұмысшылары тек қауіпсіз жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар салауатты өмір салтын да ұстанады. Қауіпсіздік айлығы аясында волейболдан турнир ұйымдастырылған болатын.  Нәтижесінде: 1-орынды цех бастықтары және менеджерлер командасы,  2-орын жастар лигасы,  3-орын цех кәсіподақ ұйымдарының   командасы арнайы   диплом және ақшалай сыйақымен   награталды.

Еңбек қауіпсіздігі айлығы шеңберінде  спорттық турнирлерді  ойдағыдай өткізуге атсалысқандар: Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің басшысы – Асан Қарманов және  «Ферроқорытпа» спорт клубының менеджері – Диас Нұрмұхамедов алғыс хатқа ие болды.

2023-2024 жылдардағы « 2024 жылдың қауіпсіздік көшбасшысы»  болып  әрі 1-орынды №2 балқыту цех ұжымы, 2-орын  металлургиялық жабдықтарды жөндеу цехы, 3-орын техникалық қадағалау цехы иеленді. Осылайша қауіпсіздікті сақтауға қатысты жоспарлы  маңызды жұмыстар, байқаулар, сайыстар  іске асырылды.

Салтанатты шара соңында  зауыттықтар «Құндылық тақтасына» өздерінің жақындарына, әріптестеріне  өтініш, тілектерін жазып қалдырды. Баспасөз-қабырғасына естелік суретке түсті.