Құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Қ. Есенғазин ,Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиев, Салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалының төрағасы Қ. Коктов “Aqtobe su-energy group” АҚ жергілікті кәсіподақ ұйымымен кездесті.
Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлерді, мемлекеттік мекемелерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды салқын, ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етіп, сондай-ақ кәріз су бұру қызметтерін көрсететін мекеменің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Мирашқызының есеп беру жиналысына қатысты.
Кездесуге қатысқан қатысқан Салалық кеңестің төрағасы Құсейін Есенғазин өз сөзінде ҚРКФ Бас кеңесінің 2024 жылғы қаулысымен: «Лайықты еңбек жылы » деп жарияланғанын атап өтті.
Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылаудың маңызына, өндірістік кеңестердің жұмысын ұйымдастыруға баса назар аудару керектігін атап өтті.
Жергілікті кәсіподақ ұйымының есептік-сайлау жиналысында Гүлнар Манепова атқарылған жұмыстарын баяндап, кәсіподақ мүшелерінің сауалдарына жауап берді.
Есеп беру барысында мәдени-бұқаралық, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, қызметкерлердің демалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу туралы жұмыстарын таныстырды.Жиналыс соңында кәсіподақ комитетінің жұмысына жақсы баға берілді. Кәсіподақ мүшелерінің қолдауымен Гүлнар Манепова жергілікті кәсіподақ төрайымы болып қайта сайланды.
Жиында кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Гүлнар Манепова «Елеулі еңбегі үшін » медалімен марапатталды.