Ақ халаттылар мерекесіне орайластырылған байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Халықаралық мейірбикелер күніне арналған «Мейірбике – мерейлі мамандық» атты мерекелік шара өтті.Аталған шаран ұйымдастырушылары – Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, “Qamqor” Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ ҚБ, Ақтөбе облысы орта медицина қызметкерлерінің қауымдастық бірлестігі.


Мерекелік шараға барлық “Qamqor” Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ ҚБ кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, денсаулық сақтау саласы мекемелерінің бас дәрігерлері, облыстық медицина саласындағы еңбегі сіңген меірбике қызметкерлері, ардагерлер барлығы 100 адам шақырылды. Кәсіби мереке күнінде өз саласының үздік мамандарына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекеттің, Ақтөбе облыстық мәслихатының алғыс хаттары табыс етілді.

Биылғы ерекшелік-сәуір айында «Үздік акушер – 2024» атты облыстық байқауы алғаш рет өтті.Оған 12 акушер денсаулық сақтау саласы мекемелерінен қатысты.
“Qamqor” Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ ҚБ бас маманы Гүлжиян Ашықбаева үздік акушерлерді марапаттады.

Бас жүлдені Байғанин аудандық ауруханасының перзентхана акушеры Шаттыгүл Қожанова иеленді. Оған «Сарыағаш »саяжайына жолдама берілді.І орынды Ойыл аудандық ауруханасының акушеры Анаргүл Наурызбаева , ІІ орынды Темір аудандық ауруханасының акушеры Зухра Жұмабаева,ІІІ орынды Облыстық перинаталдық орталығының акушеры Айжан Айтуғанова иеленді.