Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бердіғали Өмірәлінің қатысуымен Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Төлеби аудандық филиалында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кездесу өтті.


Кездесу барысында Бердіғали Өмірәлі еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, өндірістік жазатайым оқиғалар мен еңбек дауларының алдын-алу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы туралы түсіндіріп өтті.


Сонымен қатар, қатысушыларға биылғы 2024 жыл ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен «Лайықты еңбек жылы» болып жарияланғанын айта келе, бүгінде Түркістан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басты қызметтері – еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтарды жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік әріптестікті нығайту, еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мен лайықты жалақыға қол жеткізу екендігін айтып өтті.


Жиын соңы марапаттау миссиясымен жалғасын тауып, онда кәсіподақ төрағасы  өзінің біліктілігімен, еңбекқорлығымен танылып жүрген бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет Грамоталарын табыс етіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.