12 мамырда атап өтілетін халықаралық мейірбикелердің кәсіби мерекесі аясында ««SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Астана филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, осы атаулы күнге арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізді.
Мейірбикелер денсаулық сақтауда аса маңызды рөл атқарады, пациенттерге ең қиын сәттерде көмек көрсетіп, қолдау көрсетеді және олардың сауығуына ықпал етеді. Сондықтан мейірбикелер күні олардың еңбегі мен адалдығы мойындалып, атап өтілетін ерекше күн болып табылады.
Астана филиалы ұйымдастырған басты шаралардың бірі үздік мейірбикелерді марапаттау рәсімі болды. Осы рәсім барысында әрбір мейірбикенің жетістіктері мен филиал жұмысына қосқан үлесі атап өтілді. Олар өздерінің адалдығы мен кәсібилігі үшін лайықты марапаттарға ие болды.
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының үздігі” төсбелгісімен «№5 отбасылық денсаулық орталығының» аға мейірбикесі Гүлмира Нұртаева марапатталды.
Сонымен қатар, Виктория Хан, Шолпан Қарымсақова, Фещенко Гүлнәр Дәрібайқызы, Айнаш Құлымбетова, Алина Рафиковаға Құрмет грамотасы және Арайлым Сұлтанбекқызы, Шынар Қасымбекова, Татьяна Ермакова, Үміт Жексенбаева, Гүлназ Сардарға алғыс хат, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде кәсіподақ мүшелері кәсіподақтың ұдайы назары мен қолдауы үшін және олардың қажырлы еңбегін бағалағаны үшін алғыс білдірді. Кәсіби мерекесінде ақ халат иелеріне шыдамдылық, күш-жігер, денсаулық, бақыт және кәсіби өсу тілейміз!!!