Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті. Кеңеске салалық кәсіподақтар мен жергілікті кәсіподақтардың төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен тәжірибе алмасу бойынша сұрақтар, «Лайықты еңбек жылы» аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі бойынша семинарлар өткізу мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Түркістан облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бердіғали Өмірәлі күн тәртібінде көрсетілген бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысы кәсіподақтары арасында өзара ынтымақтастығымызыды арттыру мен тәжірибе алмасу мақсатына бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оның орындалуы бойынша кеңес мүшелерімен талқыға салып, іс-сапарға Түркістан облысы атынан баратын делегаттар құрамын бекітті.
Кәсіподақ төрағасы 2024 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспарының орындалуы, еңбек қатынастары саласында жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мен олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар-кеңестер өткізу бойынша сөз қозғап, тиісті тапсырмалар берді.
Бұдан басқа, кеңесте салалық және жергілікті кәсіподақ төрағаларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбеккерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мен оларды лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету бағытында, атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалып, жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.