Кәсіподақ орталығы және еңбек инспекциясы бірлесе брифинг өткізді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдер қатысуымен Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы және Шымкент қаласының еңбек инспекциясы басқармасымен бірге Қазақстан Республикасының Еңбек, Әлеуметтік кодексттерінің, сондай-ақ «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша брифингі өтті.

Баяндамашылар «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев пен Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысы Бауыржан Қалжанов болды.
Бауыржан Адтеев өз сөзінде 13 мамырда Худжанд қаласында (Тәжікстан) Орталық Азия кәсіподақ Кеңесінің (ОАКОК) V отырысы өткенін, шараға Кеңеске мүше мемлекеттердің, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстанның ұлттық кәсіподақ басшылары, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары қатыстықандарын және Орталық Азия кәсіподақ басшылары трансұлттық компанияларда лайықты еңбекті қолдау мәселесін талқыланғанын айтып, сонымен қатар 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің бастамасымен «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» тақырыбында Қазақстан тарихында тұңғыш рет Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумы өткенін атап өтті.
Бауыржан Алтеев қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бастамасымен және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен қаламыздағы кәсіпорындармен мекемелерде «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын іске асыру туралы, ең басты құндылығымыз – Еңбек адамы деп, бұл бағдарлама өндірсітік жарақаттанудын, кәсіптік аурудын, өндірістегі өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, еңбек кауіпсіздігін жағдайларын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға және халықтың деңсаулығын сақтауға бағытталғанын айтты.
Сонымен бірге қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың алғы шарты – қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жақсартуға бағытталған алдын алу шаралары болып табылатынын және осыған орай кәсіподақтар орталығы тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жақсартуға бағытталған бірнеше алдын алу шаралар өткізілгенін баяндады. Атап айтқанда: 2024 жылдың 1 мамырына дейін Шымкент қаласы кәсіподақ орталығы мамандары және салалық кәсіподақ филиалдары төрағаларымен 26 мекемеде, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тақырыбында кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, оған 250-ден астам еңбеккерлер қатысты.
Сонымен қатар Халықаралық еңбекті қорғау күні қарсаңында «Еңбек қауіпсіздігі», «Еңбекті қорғау» тақырыптарында семинар – оқыту өтті. Семинарға арнайы шақырылған «Қазақстан құрылысшылар одағы» Шымкент қаласы филиалы өкілі, бас техникалық қадағалау маманы, ҚР «Құрметті құрылысшы» атағының иегері Абдулбақыт Тлеубердиев құрылыс саласында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау жөнінде семинар-тренинг өткізіп, еңбекті қорғау жөнінде құнды ақпаратпен кәсіподақ активі мен кәсіподақ мүшелерін таныстырды, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын жандандыру және жұмыс орындарына қоғамдық мониторинг жүргізу маңыздылығын атап өтті.


2024 жылдың 30 сәуір күні «Дүниежүзілік еңбек қорғау күні» қарсаңында Шымкент қаласында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссияның көшпелі отырысы болды. Комиссия отырысында Шымкент қаласының аумағында еңбек қатынастары саласының жәй-күйі және еңбек қауіпсіздігінің жағдайы туралы айтылды.
Оған өзіндік тәжірибесі бар «BI Group» құрылыс холдингі, «Интергаз Орталық Азия» Акцонерлік қоғамы, «Химфарм» Акционерлік қоғамы және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ғылыми-зерттеу институттары еңбекті қорғауда озық тәжирібиелермен бөлісті.
Бүгінгі таңда салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары және жергілікті кәсіподақтар ұйымдарының басшылары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлерінің қатысуымен Үйлестіру кеңесінің 4 отырыс өтті.Онда негізгі қаралған тақырыптардың ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі тұрақты түрде қаралғанын баяндады.


Бауыржан Қалжанов Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2024 жылы 4 айда атқарған жұмыстарының баяндамасы бойынша: есептік кезеңде Басқармаға азаматтардың 769 арыз-шағымдары келіп түсіп, оның 656 өтініші қаралды. Нәтижесінде 194 тексеру жүргізіліп, 546 бұзушылық анықталды (оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 337, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 182, жұмыспен қамту – 27). Анықталған бұзушылықтардың 478 жойылып, заңға сәйкестендірілді. Бұзушылықтар бойынша 120 нұсқама беріліп, 4,3 млн.теңгеге 105 айыппұл салынды, оның ішінде 3,1 млн.теңге көлеміндегі 100 айыппұл өндірілгенін, нәтижесінде 690 жұмыскерлердің еңбек құқықтары қорғалғанын айтты.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 16 кәсіпорындағы 423 жұмыскердің 100,6 млн.теңге жалақы қарыздары өтелді.
Қазіргі уақытта, кәсіпорындарда жалақы қарызы жоқ.
Биыл қала аумағында 2 жазатайым оқиға орын алып, 6 жұмыскер зардап шекті. Қаза болғандар жоқ.
Өндірістерде жарақаттанудың алдын алуға бағытталған жобаларға қала кәсіпорындарыда белсенді қатысуда, атап айтқанда:
– «Халықтық бақылау» жобасы 18 кәсіпорында енгізілді;
– «Тік бақылау» жобасы 12 кәсіпорында енгізілді;
– нөлдік жарақат тұжырымдамасына 71 кәсіпорын қосылды;
– зиянды және қауіпті 2128 жұмыс орындарына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау өткізілді;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар 144 кәсіпорынға енгізілді;
– 6 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.
Міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын аударатын кәсіпорындар саны 160, еңбек өтілін цифрландыру процесін бастаған кәсіпорындар саны 102 орындалуы 65,1%. енгізілген.
Бүгінгі күні, қалада 4 291 кәсіпорын ұжымдық шарттар түзуге қауқарлы, оның 1 765 – де ұжымдық шарттар түзілген, 41,1% құрады. Оның ішінде, ірі және орта кәсіпорындар арасында ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылғандардың үлесі – 98,3%. Бауыржан Қалжанов сөзінің соңында «Еңбек жолы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталғанын айтты.


Брифинг барысында Бауыржан Алтеевпен Бауыржан Қалжанов журналистер көкейіндегі өзекті сұрақтарына қанағаттандырарлық жауаптар берілді.
Алдағы уақытта мұндай есеп беру брифингтер өз жалғастарын табады.