Кәсіподақтар Федерациясы мәдениет қызметкерлерінің мәселелерін шешу жолдарын қарастырады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Жидебай-Бөрілі «Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» КММ, «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана» КММ және «Абай облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясыңда кездесті.

Онлайн-кездесудің модераторы Абай облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Зәуреш Исабаева «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» жобасы аясында өткізілетін осындай кездесулердің өзектілігі мен тиімділігін атап өтіп, 2023 жылдың 1 наурызында Шығыс Қазақстан облысынан 1986 адамнан тұратын 60 бастауыш кәсіподақ бөлініп, Абай облысында жаңадан құрылған мәдениет қызметкерлерінің филиалы өз жұмысын бастағанын айтып кетті. Мәдениет қызметкерлері кәсіподағында 534 мүше бар. Сондай-ақ, кәсіподақ қатарына 13 жаңа бастауыш ұйымдары қосылып, бүгінде филиал 73 бастауыш кәсіподақ ұйымдарын және 2534 кәсіподақ мүшелерін қамтиды.

Онлайн кездесу барысында қатысушылардың назарына кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ақпараттық, мәдени-бұқаралық, спорттық бағытта атқарған жұмыстары көрсетілді. Ағымдағы жылы бұл бастауыш ұйымдар «Денсаулық бұрышы» және «Еңбекті қорғау кабинеті» тақырыбындағы «Халықтық бюджет»  жобасына қатысып отыр.

Кездесуге қатысушылар әкімшілік қызметшілер мен техникалық персоналдың жалақысын көтеру, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің біліктілігі жоқ техникалық қызметкерлеріне сауықтыруға өтемақы беру туралы мәселелерді көтерді.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Светлана Иманқұлова өзекті мәселелерді тыңдап, түсініктеме берді.

Онлайн-кездесу соңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев бастауыш кәсіподақ ұйымдарына кәсіподақ қозғалысындағы белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулер ҚРКФ-ның бастауыш ұйымдарымен байланысын нығайтуға ықпал ететінін айтты.

«Бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер бізге қарапайым кәсіподақ мүшелерімен тікелей байланыста болуға мүмкіндік береді. Осы акцияның арқасында кәсіподақ пен әлеуметтік серіктестер еңбек қатынастарын реттеу деңгейін арттыруға және өз жұмысында озық тәжірибелерді табысты қолдануға мүмкіндік алады», – деді ол.

Қорытындылай келе, ҚРКФ төрағасының орынбасары әлеуметтік әріптестерге техникалық мамандықтардың беделін көтеру, қызметкерлердің мәселелерін шешу, оларға лайықты еңбек жағдайларын жасау қажеттігін тағы да еске салды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы