Өңірде тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды қолдау шаралары жалғасып жатыр. Кезекті көмек облыстық кәсіподақтар ұйымының қызметкерлеріне көрсетілді.
Үйі суға кеткен 12 адамға 100 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді. Қаржылай сыйлықты Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин келіп, арнайы табыстады.
Айта кетейік, Сатыбалды Дәулеталиннің Ақтөбедегі сапары әрі қарай Қобда, Ойыл аудандарымен жалғасады. Тасқыннан зардап шеккен аудан жұртшылығымен кездесіп, қаржылай көмек көрсетпек ниетте.