“Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Отырысқа салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде еңбек дауларын алдын алу мақсатында ұжымда келісім комиссиясы және татуластыру комиссиясын құру жөніндегі оқыту семинар жөнінде, ҚР КФ-ның «Халықтық бюджет – 2024» жобасы туралы, Павлодар облысына іс-сапар, Республикалық «Еңбек жолы» конкурсын өткізу жайлы өзекті мәселелер қаралды.
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек келісім комиссиясы – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушіліктерді (жеке еңбек дауларын) сотқа дейінгі міндетті қарайтын орган, 2017 жылғы 6 қазандағы №9 ҚҚСП Еңбек кодексінде көзделген еңбек шарттарынан, ұжымдық шарттардан және жұмыс берушінің актілерінен туындайтын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жеке еңбек дауларын келісу комиссиялары қарайды және келісім комиссиясы жеке еңбек дауларын қарау үшін ұйымда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылатынын айтты.
Сонымен қатар, ҚР КФ-ның «Халықтық бюджет – 2024» жобасы туралы 2024 жылғы 20 мамырда “Халық бюджеті 2024” кәсіподақ жобасы шеңберінде кәсіподақ жобаларын қарау және іріктеу жөніндегі сараптама комиссиясы мүшелерінің отырысы өткенін, онда комиссия мүшелері жобаның жобалық ұсыныстарын қабылдауды 2024 жылғы 14 маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын және жобаның қорытындысы 2024 жылғы 20 маусымға дейін шығаратындығын атап өтті.
Бауыржан Әлтеев сөз алып, өндіріс орындары көп шоғырланған Павлодар облысына маусым айында іс-сапар жоспарланып, татуласу орталығы және Заң клиникасы қызметін, өндіріс орындарында тех. инспекторлардың жұмысымен танысу, өндіріс орынларындағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, осы мәселелер бойынша тәжірибе алмасу туралы айтты.
Сонымен бірге “Еңбек жолы” байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын, ұйымдастырушылар үш номинация жарияланғанын: “Үздік еңбек әулеті”, “Өндірістің үздік жас қызметкері” және “Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері”, байқау облыстың дамуына елеулі үлес қосқан отандастардың еңбек әулеттері мен жетістіктеріне арналғанын да баяндады.