Ақтөбеде үшжақты комиссия отырысы өтті

Ақтөбе облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия отырысы өтті. Оған Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев қатысты.


Отырыста « Облыстағы еңбекті қорғау саласындағы ахуал және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар мен еңбек қавтынастары саласындағы ықтимал әлеуметтік тәуекелдері бар өңір кәсіпорындарындағы жағдай» туралы мәслелелер қаралды.
Үшжақты комиссия отырысында « Казхром» ТҰК АҚ «Дөң тау-кен байыту комбинаты»филиалының директоры Н.Саринжипов, « Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметінің басшысы Н. Қашкенов, « СНПС-Ақтөбе көлік компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары С. Қадырханов және « Ақтөбе мұнай маш комплект» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы М. Бухаева т.б. өздері жетекшіліп етіп отырған мекемелердегі еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылардың жалақысын көтеру жайы мен еңбек қауіпсіздігі шараларын жақсартуға бағытталған жұмыстарын баяндады.


Мәселен, 7 мыңнан астам адам еңбек ететін ірі кәсіпорын Дөң кен байыту комбинатында жыл басынан бері 4 жазатайым оқиға тіркелген. Ал,Ақтөбе мыс компаниясында жұмысшылар биылға жазатайым оқиға орын алмаған. Алайда,өткен жылы өндірісте жарақат алғандар болды.
«Ақтөбе мұнай маш комплект» серіктесігінде инфляция деңгейіне байланысты жалақыны индекстеу мен ұжымдық шартқа енген өзгерістерді мақұлдауда әлеуметтік әріптеспен бірқатар келіспеушіліктер бары айтылды.
Кеңесте «СНПС-Ақтөбе көлік компаниясы» жұмысшыларының ,яғни 351 кәсіподақ ұйымының мүшелерінің жалақыны 12,5 пайызға өсіру туралы ұсынысының яғни ұжымдық өтініштің шешімін таппай отырғаны да назарға алынды.
Басқосуда осы және өзге де мәселелер бойынша орын алып отырған проблемалар ортаға салынып, комиссия талқысына түсті. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті алдағы уақытта да жандандыра түсу, сол арқылы ортақ түйіндерді бірлесіп шешу ұсынылды.