Жұмыскерлердің өндірістік-тұрмыстық жағдайына мониторинг жүргізілді

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов пен облыстық бақылау жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Талант Ерманов «ҚуатАмлонМұнай» серіктестігінің жұмыскерлердің өнідістік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде облыс әкімдігі мен облыстық кәсіподақтар орталығы және кәсіпорын басшылығы арасындағы Меморандум негізінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізілу жоспарланған.


Вахталық жұмыскерлердің  еңбек жағдайымен мониторинг тобын компания жұмыскерлерінің кәсіподақ төрағасы Айбек Әбдреев таныстырды. Жұмыскерлер тарапынан жатын орындар, тамақтану жағдайы, тұрмыстық қажеттіліктерді қамтуды жақсарту туралы ұсыныс-пікірлері жеткізілді.


Вахталық жұмыскерлермен кездесу барысында еңбек жағдайын жақсарту, жұмыскерлердің жалақысын көтеру жайлары талқыланды. Компания басшылығы кеніш орнындағы вахталық әдіс жұмыскерлеріне жалақының ағымдағы жылы шілде айынан бастап орташа 20-30 пайыз аралығында көтерілетіні туралы мәлімдеме жасады.