Бастауыш ұйым – кәсіподақ негізі

Павлодар облысы әкімдігі  ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК – да еңбек ұжымымен – бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.


Кездесуге Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК директоры Арман Мұсабеков, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Радмила Халиуллина, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Салтанат Төлегенова, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалының басшысы Марина Иванова қатысты.


«Қалын қалай,бастауыш ұйым?» кездесуін аша отырып, бас дәрігер Арман Төлегенұлы жүргізіліп жатқан әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарт жасасу туралы айтып берді.
Радмила Халиуллина пандемия кезіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесі, ұжымдық шарт жасасу, конкурстар мен спорттық жарыстар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу, кәсіподақ мүшелерін қолдау туралы айтып, бес жыл ішінде төраға ретіндегі жұмысы туралы есеп берді.


«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының қызметі туралы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын түсіндіру бойынша Салтанат Төлегенова егжей-тегжейлі түсіндірді.


Еңбек заңнамасының новеллалары және ҚРКФ Заң клиникасы филиалының қызметі, кәсіподақ мүшелеріне өтеусіз құқықтық көмек алу мүмкіндігі туралы Марина Иванова айтып берді.


Динара Айтжанова өз сөзінде Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің әлеуметтік әріптестік, еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің қоғамдық мониторингі, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндады.


Кездесуді қорытындылай келе, облыс кәсіподағының жетекшісі медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қолдау, қорғау мақсатында жүргізіліп жатқан әлеуметтік әріптестік жұмысы үшін бастауыш кәсіподақ ұйымы мен аурухана басшылығына алғысын білдірді.