Сауран аудандық кәсіподақ комитеттің төрағасы Жұмағали Бекмурзаевтың төрағалығымен Атқару комитетінің кеңейтілген кезекті отырысы өтті. Жиын облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла, бас маманы Бахтияр Абдураимов пен бастауыш кәсіподақ төрағаларының қатысуымен өтті.
Жиналысты Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жумағали Бекмурзаев ашып, 2023 – 2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, оқу жылының сәтті аяқталуымен барша жиын қатысушыларын құттықтады.
Төраға баяндамасынан кейін облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, күн тәртібінде көрсетілген екінші мәселе
– 2024 жылғы мұғалімдердің еңбек демалысы қалай төленеді?
– МӘМС бойынша аударымдар қалай жүргізілуі керек? – деген сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұдан басқа жиын барысында еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу туралы мәселелер қозғалды.
Әрі қарай жиын әдеттегідей қатысушылардың сұрақ-жауаптарына ұласып, бастауыш кәсіподақ төрағалары әр бір көрсетілген көмек үшін ризашылықтарын білдіріп, жыл бойы кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін жасаған жұмыстың жемісті болғанын ерекше атап өтті.