ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы делегациясының Женева қаласындағы жұмыс сапары Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы (ХКК) Бас кеңесінің отырысына қатысумен жалғасты. Сондай-ақ қазақстандық делегация халықаралық кәсіподақ қозғалысының жетекшілерімен және шетелдік әріптестермен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
ХКК Бас кеңесінің отырысы барысында ұлттық кәсіподақ орталықтарының делегаттары дүниежүзілік кәсіподақ қозғалысының ағымдағы жағдайын, оның ішінде Жаңа әлеуметтік келісімді жүзеге асыру аясында кәсіподақ әрекеттерін, әділ экономикаға көшуді, еңбек нарығындағы теңсіздікке қарсы, сондай-ақ кәсіподақтардың климаттың өзгеруіне қатысты ұстанымдары және т.б. мәселерді қарастырды.
Бас кеңестің қатысушылары ХҚК-ның жаһандық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарымен, соның ішінде БРИКС елдерінің кәсіподақтарымен және L20 кәсіподақтарымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
ХКК Бас хатшысы Люк Триангл Бас кеңеске қатысушыларға ХКК қызметінің негізгі бағыттары, ағымдағы қызметі, халықаралық кәсіподақ қозғалысының алдағы кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасады.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін ол қазіргі өзгермелі экономика кезінде және әлеуметтік сын-тегеуріндер жағдайында жаһандық кәсіподақ қозғалысын қызметкерлердің мүддесіне бағытталған ынтымақтастыққа шақырды.
Бүкілеуропалық өңірлік кеңесінің Вице–президенті, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің ХКК Бас хатшысы Люк Трианглмен кездесуінде Қазақстанның кәсіподақ қозғалысымен халықаралық диалогты дамыту мәселелері талқыланды.
Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде ХКК ұсынымдарын іске асыру және халықаралық стандарттарды ұлттық деңгейде ілгерілету мәселелерін қарастырды.
Сатыбалды Дәулеталин Люк Трианглға әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілету, әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру, ұлттық және еларалық деңгейлерде халықаралық диалог пен кәсіподақ ынтымақтастығын нығайту жөніндегі Қазақстан кәсіподақ қозғалысының жұмысы туралы мәлімдеді.
«Кәсіподақтардың бірлігі – біздің күшіміз. Жаһандық сын-қатерлер заманында біз бірлесе отырып әрекет жасауымыз керек. Біз тәжірибе мен идеялармен алмасу мүмкіндігін бағалаймыз. Бұл бізге демократия мен әлеуметтік әділеттілікке негізделген және Еңбек адамына басымдық беретін жаңа экономикалық және әлеуметтік модельді қолдауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.
ХКК Бас хатшысы ҚР Кәсіподақтар федерациясының барлық қызметкерлер үшін ең жақсы еңбек жағдайларын жасаудағы ынтымақтастыққа ұмтылысын құптап, әлеуметтік-еңбек қатынастары және демократиялық қайта құру мәселелері бойынша диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, ХКК өз қатарында жалпы саны 200 миллионнан астам кәсіподақ мүшелері бар 163 ел мен аймақтан 332 ұлттық кәсіподақ орталығын біріктіреді.
Ынтымақтастық мәселелерін талқылау ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің IndustriALL жаһандық одағы Бас хатшысының орынбасары Кемал Озканмен кездесуі барысында жалғасты.
Кәсіподақ жетекшілері Қазақстанның көмір өнеркәсібіндегі салалық кәсіподақтармен серіктестік туралы пікір алмасты.
Сатыбалды Дәулеталин атап өткендей, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы сала қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша маңызды шараларды қолға алуда. Әңгіме Қазақстан Республикасының 2024 – 2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасына енгізілген кеншілердің зейнеткерлік жасын қысқарту, кәсіптік медицинаның жағдайын жақсарту және мемлекеттік бақылау институтын күшейту жөніндегі ҚРКФ-ның бастамалары туралы болып отыр.
Бүгінгі күні Кәсіподақтар федерациясы көмір өнеркәсібін дамытудың Ұлттық бағдарламасының қабылдануын жақтайды, онда саланың даму перспективаларымен қатар халықты жұмыспен қамту, қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың санын азайту және тиімді, заманауи шаралармен қамтамасыз ету мәселелері де көрініс табуы тиіс.
«Кәсіподақтар федерациясы өз жұмысын халықаралық стандарттарды ескере отырып құруға ұмтылады. Біз еңбек нарығының заманауи сын-қатерлеріне жауап беретін Жаңа әлеуметтік келісімшартты ілгерілетуді мақсат етеміз. Көп нәрсе кәсіподақтарға және бірлескен іс-әрекеттерімізге байланысты», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
IndustriALL Бас хатшысының орынбасары Кемал Озкан Қазақстандағы еңбек секторындағы өзгерістердің маңыздылығын атап өтіп, ҚРКФ-ның еңбекші халықтың мүддесі үшін халықаралық еңбек стандарттарын ілгерілету жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын білдірді.
Тараптар ынтымақтастықты дамыту ниетін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің шақыруымен жоспарланған Кемал Озканның Қазақстанға сапары туралы шешіммен растады.
IndustriALL жаһандық одағы тау-кен, энергетика және қайта өңдеу салаларында жұмыс істейтін әлемнің 140 елінде 50 миллион жұмысшының мүдделерін білдіреді және әлем бойынша еңбек жағдайлары мен кәсіподақ құқықтары үшін күрес жүргізетін жаһандық ынтымақтастық қозғалысының басты күштерінің бірі болып табылады.
Қазақстандық кәсіподақтардың Женеваға сапары аясындағы маңызды оқиғалардың бірі Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің жапондық әріптестерімен – Жапония Кәсіподақтар конфедерациясының (RENGO, JTUC) Президенті Томоко Йошиномен және RENGO халықаралық қатынастар департаментінің директоры Рио Саитомен кездесуі болды.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, кәсіподақ орталықтарының жұмысында тәжірибе алмасу және кадр әлеуетін арттыру, соның ішінде JILAF білім беру бағдарламасы аясындағы бірлескен жобалар талқыланды.
Жапонияның JILAF Халықаралық Еңбек қоры 1989 жылы Жапония кәсіподақтар конфедерациясымен дамушы елдерде салауатты әлеуметтік-экономикалық қатынастарды дамытуға жәрдемдесу мақсатында тәжірибе алмасу және оқыту семинарларын өткізу үшін құрылған.
Тараптар қазіргі өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға және тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға мүдделі екендіктерін растады.
Қазақстан мен Жапония кәсіподақтары ынтымақтастығының нақты бағыттары мен міндеттері Токиодағы Ұлттық кәсіптік орталықтар басшыларының екіжақты кездесуі барысында әзірленетін болады.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы