Ақтөбеде жаңа  бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе үстел теннисі орталығы» облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесіп, ұйымның ашылуымен құттықтап, кәсіподақтың қызметін әрі оның қолдауын түсіндірді.

Жас басшы  Әсет Сағымбаев кәсіподақтың мақсат-бағытымен  танысып, бірлік пен  тұтастықты нығайтатын жұмысшылардың еңбек  жағдайын  жақсарту, өмір  сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым екенін бірден түсініп , ыстық ықыласымен қабылдады.

Бүгінгі күні мектепте 300 ден астам бала тенниспен шұғылдануда. Балаларды  жоғары білімі, кәсіби шеберлігі қалыптасқан  15 бапкер дайындауда. Талабы биік ұжымның бастауыш кәсіподақ төрайымына Лейла Калиева  сайланды.

Алдағы уақытта спорт мектебінің ұжымы кәсіподақтың қолдауын сезінетін болады.