«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында кездесу өтті

Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы басқармасының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ның Келес аудандық филиалы  бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.

Бүгінде «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ның Келес аудандық филиалында 147 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері. Бас директоры Дауржан Амиров, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы  Есшанов Қылышбек.

Аталмыш шарада сөз алған Сапарғали Шолданбаев қатысушыларға мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға, еңбеккерлердің әлеуметік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғауда, еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты.

Бұдан бөлек, кәсіподақ мүшелеріне жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы жанынан құрылған Татуластыру орталығы және Заң клиникасының жұмысына тоқталып, қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді.

Жиын соңында кәсіподақ мүшелері пікір алмасып, өз ойларында  жүрген сұрақтарын қойып,  оларға тиісті жауаптарын алды.