ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Медицина қызметкері күнімен құттықтауы

Құрметті денсаулық сақтау қызметкерлері!
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні біз барлық медицина қызметкерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі мерекені адам тәнінің қиналысын жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің, ерен еңбегінің дүйім жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге болады.
Сіздердің мамандыққа деген адалдық, жауапкершілік және науқастарға деген мейірімділік қасиеттеріңіз қоғамға шынайы қызмет етудің үлгісі болып табылады. Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер.
Ұлт саулығы жолындағы мемлекет жүктеген межелі міндеттерді мінсіз атқарып, мәртебелеріңіздің асқақтай беруіне шынайы тілектеспін. Қызметтеріңіздің берекесі мен беделі артып, абыройларыңыз асқақтай берсін.
Әрқашанда дендеріңіз сау, отбасыларыңыз берекелі болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин