Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Астана филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары өз мүшелері үшін салтанатты іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл туралы «Senim» кәсіподағы Астана филиалының төрайымы Гүлмира Мұстафаева хабарлады.

Ол: «Кәсіподақтар денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға, лайықты ақы төлеуге және әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуге ықпал етеді»,-деп атап өтті.

«Сіздердің жұмыстарыңыз зор қайсарлықты, жауапкершілікті және жоғары кәсібилікті талап етеді. Күн сайын адамдардың өмірін құтқарып, оларға қажетті медициналық көмек көрсетесіздер. Сіздердің еңбектеріңіз зор құрмет пен ризашылыққа лайық», – деді Г.Мұстафаева өз құттықтауында.

Іс-шаралар барысында бірқатар денсаулық сақтау қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар, мерекелік концерттік бағдарлама әзірленді.

Салалық кәсіподақтың төсбелгілерімен марапатталды:
Ерсін Нұрдәулетов – «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы»
Гүлнәр Күмісбекова – «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы»

Құрмет грамоталарымен:
Балзира Демесінова – Ұлттық сараптама орталығы
Александр Поляков – Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы
Әсем Ермекбаева – «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы»
Елмира Құрбанбекова – Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы
Саин Шайхиев – «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» және тағы басқа абзал жандар алғыс хаттармен марапатталды.

Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдіреді.