Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы жанынан құрылған заң клиникасының филиалында азаматтарға еңбек, әлеуметтік және кәсіподақтар заңнамасы аясында тегін заңгерлік кеңес беру әрі қарай өз жұмысын жалғастыруда.
Бұл жолы заң клиникасына азамат М.Сейтқали жүгінді. Айтуынша 2021 жылдың қазан айынан бері «Sһірs Саtегіпg Suррlу» ЖШС-нің өрт қауіпсіздігі дабылдамасына қызмет көрсету және құрастыру жөніндегі маман ретінде осы уақытқа дейін жұмыс атқарып келген. Жуық арада Серіктестік басшылығы тарапынан жұмыстан қысқартылатындығы туралы айтылып және ол қаншалықты заңды екеніндігіне көз жеткізу мақсатында Заң клиникасы мамандарының кеңесіне жүгінген.
Осы мәселе бойынша Кәсіподақ орталығының жанындағы Заң клиникасы филиалының басшысы Ж.Нұршекенов, дереу жұмыс беруші өкілдерімен байланысқа шығып, жұмыскердің қолдағы бар құжаттарымен танысып, заң тұрғысындағы маңызды факторларға тоқтала отырып, қарапайым жұмысшыға заңгерлік көмек көрсетті.
Құжаттарды зерделеу барысында жұмыскер М.Сейтқалимен «Sһірs Саtегіng Suррlу» ЖШС-і арасында 06.10.2021 жылы еңбек шарты жасалған. Жұмыс барысында еңбек қатынастары әрі қарай жалғастырылып, шарт белгісіз мерзімге жасалған болып есептелген.
26.03.2024 жылғы «Штаттың қысқаруына байланысты Еңбек шартын бұзу туралы» хабарламамен «Sһірs Саtегіng Suррlу» ЖШС-і штатын қысқарту және штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының негізінде және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасьша сәйкес, еңбек шарты жұмыскер М.Сейтқалимен 2024 жылдың 30 сәуірінде штаттық жұмысшылардың қысқаруына байланысты бұзылатындығы айтылған.
Осы орайда Заң клиникасының маманы жұмыскерге, ҚР Еңбек кодексінің 131-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс берушінің жұмыскерлер саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс беруші бір айлық орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізетіндігін түсіндірді.
Кәсіподақ жанындағы заң клиникасына жүгінген жұмысшы өз еңбек құқығы туралы толық ақпарат алып, ризашылығын білдірді.
Жұмысшылардың еңбек мүдделерін қорғауға кәсіподақтың заң клиникасы әрдайым қолдау көрсетіп келеді