Таза қала – таза ел

Абай ауданы, Асар елді-мекені, Үлкен жар көшесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, жастар экологиялық сенбілікке белсенді қатысты. Олардын қатарында салалық кәсіподақ филиалдары және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының құрамдарына кіретін мекемелердің кәсіподақ мүшелері белсенді қатысуда.


Сонымен қатар акцияға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев те қатысып, келешекте қаланы өркендетуге және таза қалпында ұстап тұруға халықты шақырды.


Іс-шара қысқы кезеңнен кейін ауданды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Сенбіліктің негізгі мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына қоғамның назарын аудару болды.


Акцияға 2000-нан астам адам қатысып, 51 техника жұмылдырылды.
Осындай сенбіліктер алдағы уақытта тұрақты өткізілетін болады.