Әлеуметтік орталықтың қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.


Кедесуде мекеменің директоры Винера Шыңғысқызы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, «Медицина қызметкерлері күніне» орай мекеменің бірқатар медицина қызметкерлеріне наградалар табыстады.


Атап айтқанда, филиалдың «Алғыс хаттарымен» мекеменің мейірбикелері Сүлейменова Лаура Миятбекқызы, Жолымбекова Ғалия Мақсұтқызы, Әлмұханбетова Ұлдана Әлмұханбетқызы, Әшірқұл Фатима Ерболатқызы марапатталды.


Кездесу соңы мекеменің қызметкерлері мен арнайы өнер көрсетуге келген оқушылар би тобының өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.