Салалық кәсіподақтың XV съезі жұмысты қорытындылап, келешекке межелі міндеттер белгіледі

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының XV съезінің жұмысына қатысты, онда қорытынды шығарылып, алдағы бес жылға арналған қызмет бағдарламасы белгіленді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин салалық кәсіподақтың есепті кезеңдегі үлкен жұмысын атап өтті.

«Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы-бұл өз қатарында 700 мыңға жуық мұғалімдерді, тәрбиешілерді, оқытушыларды, саланың басқа да қызметкерлерін және студент жастарды біріктіретін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы құрамындағы беделді ұйым. Сіздер салалық кәсіподақты ұйымдық тұрғыдан нығайтып, оның беделін арттырып, білім және ғылым жүйесі қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті сапалы жүзеге асырудағы жетістіктеріңізді атап өтпеске болмас. Жалпы алғанда, сіздер мықты құрылымды құра алдыңыздар, кадрлық, ақпараттық, қаржылық ресурстарды көбейтіп, кәсіподақтың әртүрлі сыртқы сын-қатерлер мен қауіптерге төтеп берудің үлгісін көрсете алдыңыздар. Осының артында салалық кәсіподақ ұйымдарының барлық деңгейлеріндегі үлкен еңбек жатыр, мен атқарылған жұмыс үшін барлық кәсіподақ мүшелеріне алғыс айтамын», – деп атап өтті ҚРКФ басшысы.

ХЕҰ еңбекшілер қызметі жөніндегі бюросының Еуропа және Орталық Азия секторы меңгерушісі Сергеюс Гловацкас Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жұмысын жоғары бағалады. ХЕҰ өкілі Салалық кәсіподақтың Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы Тимур Әбілмажинов Салалық кәсіподақтың сала қызметкерлерінің жағдайын нығайтуға, неғұрлым тартымды және икемді еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік беретін шешімдерді әзірлеуге қосқан үлесін атап өтті.

«Сіздердің бірлестігіңіз азаматтық қоғамның жетекші институттарының қатарына кіреді, орындайды, сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауда жауапты миссияны орындайды. Кәсіподақтар жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы қарым – қатынасты реттеуде маңызды рөл атқарады», – деді өз сөзінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет.

«Парыз» ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы Бас директорының орынбасары Шолпан Әбікенова Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы басқа Кәсіподақтар үшін үлгі болып табылатынын тілге тиек етті.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Орталық Комитетінің 2019-2023 жылдардағы қызметі туралы есепті баяндамамен Кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева сөз сөйледі.

Бақылау-тексеру комиссиясының есебін Комиссия төрағасы Тарбия Баймбетова таныстырды.

Съезд делегаттары бірауыздан Орталық Комитеттің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.

Талқылау қорытындысы бойынша Съезде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды.

Съезд кәсіподақтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, оның жаңа редакциясын бекітті.

Делегаттардың дауыс беру нәтижелері бойынша алдағы бес жылдық мерзімге Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы болып Мұқашева Айгүл Мақсатқызы сайланды.

Делегаттар кәсіподақтың 5 мүшесінен тұратын Бақылау-тексеру комиссиясын сайлады.

Уақыттың сын-тегеуріндеріне жауап бере отырып, кәсіподақ әлеуметтік әріптестікті дамытудың, кәсіподақ оқытуын ұйымдастырудың, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттырудың, кәсіподақ мүшелерін қорғау қызметін күшейтудің, ұйымдастырушылық және ақпараттық жұмысты жетілдірудің жаңа форматына көшеді.

Салалық кәсіподақтың XV съезінің қорытынды құжаттары жақын арада сайтта жарияланатын болады.