Абай облысының үшжақты комиссиясының отырысы өтті

27 маусымда облыс әкімі аппаратының басшысы Ж.Сәрсебаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Бұл отырысқа Абай облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Зәуреш Исабаева қатысты.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.


Отырыс барысында «Облыстық кәсіпорындардағы жалақы және зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» бірінші мәселе бойынша, «Өндірістік жарақаттануды болдырмау және өлім-жітімді азайту» екінші мәселе бойынша және «Облыстық кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасасу туралы» үшінші мәселе бойынша Бақылау басқармасы (ГАСК, еңбек инспекциясы) басшысының орынбасары Ерлан Ниятқабылов сөз сөйледі.


«Кәсіпорындар мен ұйымдардың әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі» сұрағы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Абай облысы бойынша филиалының директоры Ермек Қуанышев сөз сөйледі.
Отырыста мәселелерді қарау қорытындысымен ұсыныстар енгізіліп, алқалы түрде тиісті шешімдер қабылданып, тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, еңбек адамдарының мүддесі үшін әлеуметтік әріптестік аясында қабылданған шешімдерді жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-шаралар белгіленді.