ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда біздің өмірімізді теледидарсыз, байланыссыз, басылымдарсыз елестету мүмкін емес.
Қоғамның жаршысы болып, халыққа қызмет ету – жауапты іс. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында әрқайсымыздың маңызды оқиғалардан хабардар болуға, қоғам өміріне белсенді араласуға мүмкіндігіміз бар.
Сіздердің жарияланымдарыңыз бен көтеретін мәселелеріңіз қарапайым халықтың ойлары мен пікірлерін, ұмтылыстары мен үміттерін көрсетеді. Осы жылдары Сіздер билік пен халықтың арасында көпір болып, өз қызметтеріңізді мінсіз атқарып келесіздер.
Осы мереке күні ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге шығармашылық ізденіс, сарқылмас шабыт тілеймін.
Отанымыздың игілігі үшін атқарып жүрген ерен еңбектеріңізде толайым табыстарға жетіп, абырой-беделдеріңіз арта берсін.
Қаламдарыңыз ұшқыр, сөздеріңіз өтімді, істеріңіз өнімді болсын!
Құрметпен, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин