Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының заң клиникасы өзінің негізгі мақсаты – еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кәсіподақ мүшелеріне, сонымен қатар өзге де азаматтарға тегін заңгерлік консультациялық қызметтер көрсету аясындағы кәсіподақ қызметінің қоғамдық қабылдауында Ақтөбе хром қосындылары зауытының бұрынғы жұмысшысы азамат Ерлан Каманов болды.
Ол бұрын «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ-ның №5 цехының шикізат дайындау және жартылай фабрикаттар мен өнімдерді (қышқыл шаруашылығы) жіберу аппаратшысы болып жұмыс жасаған. Зауыттағы ұзақ жылдар бойғы жұмыстары салдарынын созылмалы ауруға шалдығып, 01.02.2022 жылы өз еркімен жұмыстан шығуға мәжбүр болған.
«Еңбек қызметіне байланысты кәсіптік ауру туралы 11.07.2022 жылғы актісіне» сай, диагнозы бастапқы кәсіби ауру болып табылған.
Ақтөбе облысы №2 Медициналық-әлеуметтік сараптамасының «мүгедектік туралы 12.02.2024 ж. анықтамасы» бойынша, мүгедектік 12.02.2025 ж. дейінгі мерзімге созылған.
Осы орайда, жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы тарапынан өзіне қатысты алдағы уақыттарда әрі қарай, қандай әлеуметтік жәрдемдер мен қаржылық көмектер қарастырылуы мүмкін деген уәжін ортаға салды.
Бұл тұрғыда, Заң клиникасының қоғамдық қабылдау мүшелері істің мән-жайын терең зерделей отырып, азаматқа көтеріліп отырған сұрақтар бойынша жұмыс беруші, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ-ның Басқарма төрағасы Алексей Химич пен «Химия, мұнай – химия және онымен байланысты өнеркәсіп салалары қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ ҚБ филиалының төрағасы Әкімжан Боранқұловтың қабылдауына жол ашып, аталған сұрақтардың аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы заң клиникасының басты назарында болатындығын жеткізді.