Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызының төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталиннің Дүниежүзілік еңбек ұйымының сессиясына қатысуы, лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі Жол картасына қол қоюы бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы және «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрағаларының 2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша орын алған өндірістік жарақаттанушылық бойынша ақпараттарын және оларды алдын алу бойынша атқарып жатқан жұмыстары талқыланды.
Салалық және жергілікті кәсіподақтардан оларға қарасты мекемелер мен кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанушылық орын алған жағдайда ақпарат алмасу механизмдерін келісу мәселелері қарастырылып, кәсіподақ жұмысының ең басты алғышарты-салалық және жергілікті кәсіпорындардың қолданыстағы ұжымдық шарттарының сапасын арттыру және толықтыру мәселесі талқыланды.
Жиын барсында Айгүл Оразқызы Халықаралық еңбек ұйымының Женева қаласында өткен Халықаралық еңбек конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстан еңбекшілерінің мүдделерін қорғаудағы маңызды қадам 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылғандығы жөнінде атап өтіп, құжаттағы ХЕҰ-ның 9 конвенциясын ратификациялау мәселелерін қоса алғанда, лайықты еңбек қағидаттарын іске асыру мақсатында тараптардың бірлесе бекіткен міндеттемелері жөнінде ақпарат берді.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы төрағасы Махамбет Кусаинов 2024 жылдың І жартыжылдығында орын алған өндірістік жарақаттанушылық бойынша ақпарат беріп, оларды болдырмау жөнінде атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.
«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС еңбекті қорғау және Қауіпсіздік техникасы қызметінің басшысы Масалимов Сеит мекемеде орын алған жазатайым оқиғалар жөнінде айтып өтіп, олардың алдын алу мақатында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен оқытулар жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, осы бағыттағы өз ұсыныстарымен бөлісті.
Үйлестіру кеңесінің нәтижесінде салалық және жергілікті кәсіподақ өкілдері оларға қарасты мекемелер мен кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанушылық орын алған жағдайда ақпарат алмасу механизмдерін келісу мәселелері жөнінде ойларын ортаға салып, келесі жартыжылдыққа арналған жоспарларымен бөлісті.