Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев төрағалығымен Қызылорда облыстық кәсіподақтарының Үйлестіру кеңесі отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 24 маусым 2024 жылғы отырысында қаралған мәселелері туралы ақпарат беріліп, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жұмыстарының 2024 жылғы 6 айы қорытындысы қаралды.
Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 2024 жылдың 1 қаңтарына жағдаймен 12 салалық кәсіподақтарда 1007 кәсіподақ ұйымдарын, 96812 кәсіподақ мүшелерін біріктірді, жыл басынан бірлестік құрамында жаңадан 8 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, 453 кәсіподақ мүшесі қатарға қосылды.
Бірлестік төрағасы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» Стратегиясын одан әрі жүзеге асыру бойынша және бас, салалық, өңірлік келісімдерде, ұжымдық шарттарда бекітілген шарттар мен тәртібі негізінде еңбек заңнамасына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру шаралары туралы айтты. Кеңес отырысында кәсіподақтардың құқықтық қызметін нығайту, еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық мәдениетті арттыру, әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу және шешу, кәсіподақ мүшелігін арттыру бойынша 2024 жылдың 6 ай қорытындысы ортаға салынып, алдағы жарты жылдықта атқарылатын жұмыстар жобасы талқыланды.