«Еңбеккер бейнесі» айдарының кезекті санының кейіпкері ұзақ жылдар мемлекеттік қызмет саласында қызмет етіп жүрген кәсіподақ мүшесі – Ойыл аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қабдолов Бауыржан Қыдырғалиұлы.
Бауыржан Қыдырғалиұлы 1962 жылы 30 қаңтарда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1979 жылы Ойыл ауданында «Арман-74» қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының мүшесі ретінде бастап, 1997 жылға дейін құрылыс бригадасында жұмысшы, Ойыл совхозының уақытша құрылыс шебері, №1 ферма зоотехнигі, техник-осеменатор, товарлы сүт фермасының бригадирі, машина трактор шеберханасында техник-нормировщик, техник және өрт қауіпсіздігі инженері, кадр бөлімінің инспекторы болып түрлі жұмыстарды жасаған. 1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметке орналасып, Ойыл ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған, 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ойыл аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.
Қызмет атқарған кезде өзін белсенді, әрі жауапты, тиянақты маман ретінде көрсетуде. Өзінің көп жылғы жинақтаған іс тәжірибелерін жас мамандарға үйрете отырып, өзі де мемлекеттік қызметтегі болып жатырған өзгерістер бойынша біліктілігін жетілдіріп отырады. Ұжымда беделді, азаматтар мен әріптестерімен сыпайы қарым-қатынаста.