Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қызылорда қалалық үш жақты комиссиясы отырысы өтті.
Комиссия отырысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева жұмыскерлердің құқықтық біліктілігін арттыру бағытында берлестікпен атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.
«Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының оқыту жобалары мен аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен ұйымдастырылған оқытуларда 2024 жылғы 6 айда 951 жұмыскер оқуға қатысты. Жұмыскерлердің еңбек заңнамасы бойынша құқықтық біліктілігін арттыру мақсатында облыстық кәсіподақтар орталығымен 2023 жылғы наурыз айынан бастап телевизиялық жоба жүзеге асырылуда. Қызылорда қоғамдық телеарнасының Рауан бағдарламасында «Еңбек құқығыңызды білесіз бе?» айдары жүргізіледі» деп ақпаратпен бөлісті хабарламашы.
Сонымен қатар, хабарламашы ағымдағы жылы қабылданған Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері мен Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Облыстық келісімге облыстық кәсіподақтар орталығынан берілген ұсыныстармен жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында бір келісімге қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу енгізілгендігін, жұмыс жоспары бекітілгендігін, оқытулардың маңыздылығын атап өтті.
Комиссия отырысында зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген жұмыскерлерге арнаулы төлемнің тағайындалуында туындаған мәселелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзекті мәселелер туралы тиісті мамандармен хабарламалар жасалып, мәселелер комиссия мүшелерімен талқыланды.