Ақтөбеде есеп беру – сайлау конференциясы өтті

“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” Қоғамдық Бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалы есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ төрайымы Светлана Иманқұлова мен Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев, кеңес мүшелері, әлеуметтік әріптестер және филиалға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова өз баяндамасында соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстары туралы жан-жақты баяндады.
Өз кезегінде конференция делегаттары, кітапханалар, архивтер, мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлері атынан Салалық кәсіподаққа және филиалға әр түрлі мәселерді шешуде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.


Тексеру комиссиясының және делегаттардың баяндамалырының нәтижелері бойынша облыстық филиалдың жұмысы қанағаттандырарлық деп бағаланды.
Барлық қатысушылар бірауыздан Назира Табылдинованы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы лауазымына жаңа мерзімге қайта сайлануына дауыс берді. Оның білікті көшбасшы ретінде, аймақтық және республикалық деңгейде саланың дамуына ықпал ететіне сенім білдірді.

 

Сондай-ақ, облыстық филиал Кеңесінің, тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітілді.”Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкелерінің кәсіптік одағы” Қоғамдық Бірлестігінің 8-ші сьезіне делегаттар сайланды.
Конференция соңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі мен салалық кәсіподақтың алғыс хаттарымен бірқатар белсенді кәсіподақ өкілдері марапатталды.
Сонымен қатар биылғы су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасы мүшелеріне қаржылай қолдау көрсетілді.


“Еңбекшілердің құқығын қорғайтын жалғыз ұйым-ол кәсіподақ. Біз түрлі деңгейдегі жұмысшы топтарының құрамында еңбек заңнамасының жақсаруына өз үлесімізді қосып келеміз”деп атап өтті конференция жұмысына қатысып, филиал жұмысына жоғары баға берген Салалық кәсіподақ жетекшісі Светлана Иманқұлова.
Салалық төрайымы С. Иманқұлова Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиевке , Салалық филилалының төрайымы Назира Табылдиноваға және басқа да бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына ортақ мүдде еңбек адамының әлеуметтік құқығын қорғау ,ел игілігі жолындағы жұмыстарына ризашылығын білдірді.