“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ Ақтөбе облыстық филиалы есеп беру-сайлау конференциясы өтті.Салалық кәсіподақтың еліміз бойынша 75 мыңнан астам мүшесі бар,17 аймақтағы филиалы жұмыс жасайды.
«Еңбекшілердің құқығын қорғайтын бірден бір заң-ол еңбек кодексі. Еңбек заңына кәсіподақтардың бастамасымен Еңбек министрлігінің жұмысшы тобы арқылы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол жеткізілді », – деп атап өтті конференция жұмысына қатысқан “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ төрайымы Светлана Иманқұлова .
Жиын барысында Ақтөбе облысы бойынша салалық кәсіподақ филиалының атқарған жұмысытарына есеп берілді. Филилал төрайымы Назира Табылдинова өткен жылдар ішінде бастауыш ұйымдар саны өсіп, бүгінде 5 мыңнан астам адам мүше болып отырған ұйымның жасаған игі шараларына тоқталды.
Жиында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев кәсіподақ еңбек даулары бола қалған жағдайда оны сауатты түрде шешуге ықпал етеді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының орындалуына,жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға қолдау көрсететінін жан-жақты атап өтті.
Ақтөбеде мәдениет,спорт ,туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары белсенді жұмыс жасайды. Мәселен, Ақтөбедегі Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінде бас есепші болып жұмыс жасайтын Ақмарал Елдесова су тасқыны кезінде, 500-ден астам ерікті азаматтардың басын біріктіріп, Қобда мен Ойыл аудандарына 18 газель жүк көлігімен гуманитарлық көмек жіберуге септігін тигізді.
Бұл бір ғана мысал,осындай еңбегімен көптің алғысына бөленіп жүрген кәсіподақ мүшелері біраз.Жиында осындай белсенді бір топ азаматтар Салалық кеңестің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар биылғы су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасы мүшелеріне қаржылай қолдау көрсетілді.
Соңғы кездері кітапханашылар мен музей ,спорт т.б сала қызметкерлерінің жалақысы да біршама өсті. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сай мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын өсіп келеді, бұл олардың әлеуметтік ахуалын одан әрі жақсара түсуге септігі барын атап өтті салалық кәсіподақ басшысы.
Жиында Тексеру комиссиясының және делегаттардың баяндамалырының нәтижелері бойынша облыстық филиалдың жұмысы қанағаттандырарлық деп бағаланды.Барлық қатысушылар бірауыздан Назира Табылдинованы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы лауазымына жаңа мерзімге қайта сайлануына дауыс берді. Сондай-ақ, облыстық филиал Кеңесінің, тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. Салалық кәсіподақтың 8-ші сьезіне делегаттар сайланды.
Конференция соңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі мен салалық кәсіподақтың алғыс хаттарымен бірқатар белсенді кәсіподақ өкілдері марапатталды. Конференция өткен күннің екінші жартысында Светлана Иманқұлова дала мәдениетінің жауһары саналатын ерекше үлгідегі Абат Байтақ мавзолейіне барды.
Абат-Байтақ сәулет құрылысы Ақтөбе облысының Қобда ауданы Талдысай кентінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде Қобда өзенінің аңғарында орналасқан кешен. Зират XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың бас кезінде салынған.Сосын Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұова атындағы патриоттық орталыққа барды.