«Еңбек адамы» айдарында – Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихаттың ұйымдастыру жұмыстары және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қыдырбаева Гүлнар Қуанышқызы.
Гүлнар Қуанышқызы еңбек жолын 1993 жылы аудандық экономика комитетінде экономист болып бастап, кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімінде, жәрдемақы төлеу орталығында, ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған. 2005 жылы аудандық мәслихат аппаратына бас маман болып ауысып, 2017 жылдан бастап бөлім басшысы лауазымын атқарып келеді.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі отыз бір жылдан асқан білімді маман, білікті басшы саланың дамуына, ауданның экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Соңғы жиырма жылға жуық уақытта Гүлнар Қуанышқызы Арал ауданының мәслихат аппаратында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып қоғамдық деңгейде жұмыс атқаруда. Әріптестерінің құрметі мен сеніміне ие болған Гүлнар Қыдырбаева маусым айында өткен кәсіби мерекеде «Қызмет» салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.