«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Заң клиникасы» еңбек адамдарының құқығын қорғаудағы жұмысын жалғастыруда. Құқықтық консультативтік кеңес алуға келген кезекті кәсіподақ мүшесі өз мәселесінің заңды жолын біліп кетті.
Шымкент қаласының тұрғыны айтуы бойынша оның атынан алаяқтық жолмен несие алынған, шағымданушы одан бейхабар болып, ол несие төленбеген. Соның салдарынан есеп шоттары бұғатталып, жұмысына және жалпы өміріне қолайсыздықтар тудырған. Біраз уақыттан бері банк және жәбір көруші арасындағы дау бірнеше айға созылған.
Орын алған жағдайға байланысты істің мән-жайы тыңдалып, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Заң клиникасының бас маман заңгері Ермек Қаңлыбаев және білікті медиатор маман Салтанат Абдукаримова, құқықтық көмек көрсетуді сұранған азаматқа аталған мәселе бойынша заң талаптарын түсіндіріп, құқықтық кеңес берді.