«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт,туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының атынан Гүлнар Оразбекова мен «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ атынан Ержан Абылқасымов өзара 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Бұл Келісім Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, “Кәсіптік одақтар туралы”, «Дене шынықтыру және спорт туралы », «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 251 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында белгіленген міндеттерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісім нормаларына негізделген.
Келісім жұмыскерлердің әлеуметтік- экономикалық құқықтарын қорғауды, жұмыспен қамту мәселелерін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын, еңбекті қорғауды және әлеуметтік кепілдіктерді, жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерін реттеуді қамтамасыз ету мақсатында жасалған. Келісім өңірлік деңгейде жұмыскерлердің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу бойынша тараптардың мазмұны мен міндеттерін айқындайтын, әлеуметтік әріптестік тараптары арасында жасалған жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт болып табылады.
Абай облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Оразбекова кездесу барысында әлеуметтік әріптестік туралы келісім төңірегінде туындаған сұрақтарға толық жауап берді. Сонымен қоса талаптар ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын белгілеп, алдағы уақытта серіктестік барлық жұмысшылар үшін лайықты, әділ және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау тұрғысынан осы Келісімнің маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт,туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалы мен «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ арасында 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойылды.