Кәсіподақ үнемі қолдау көрсетеді

Көп балалы отбасы береке-бірліктің, шаттықтың мекені. Шаңырағы шаттыққа толы 5 бала өсіріп жастарға үлгі өнеге болып жүрген Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сервистік қызмет көрсету цехының электригі Асыл Байлин өндірістегі қызу тірлік пен отбасындағы балалардың тәлім-тәрбиесін қатар алып жүрген бақытты әке. Жалпы звуытта көп балалы отбасылардың қатары 469-ды құрайды алды 9, арты 4 баладан тәрбиелеп отырған бақытты жанұялар. Оларды қолдау мақсатында 2023-2027 жылдар аралығында әрекет ететін ұжымдық шарт бойынша кәсіподақ ұйымынан 1 маусым балаларды қорғау күні орай 18 жасқа дейінгі баласы бар әрбір бүлдіршінге 3мың, мүмкіндігі шектеулілерге 10 ең төменгі айлық көрсеткіші бойынша біржолғы ақшалай төлемақы беріледі. 1 қыркүйек Білім күніне орай зауыт әкімшілігінен әрбір балақайға сонымен қатар күндізгі бөлімде оқитын 18 жастан 23-ке дейінгі студенттерді қоса есептегенде 10 ең төменгі айлық көрсеткіші бойынша төлемақы төленеді. Сондай-ақ, жаңа туылған сәбилердің несібесіде ескерусіз қалмады.Кәсіподақ ұйымынан 10, зауыт әкімшілігінен 20 ең төменгі айлық көрсеткіші бойынша біржолғы ақшалай көмек көрсетіледі.


Асыл отбасының тірегі болса, жұбайы Мира жанұясының ұйытқысы болып 20 жыл бірге бір шаңырақтың астында өзінің 4 баласын өсірсе енді олардың қатарын 5-ші болып балалар үйінен қамқорлығына алған Айлин атты кішкентай бүлдіршінмен толығып қуанышына қуаныш қосылып жатыр. Асыл мен Мира әрдайым отбасылық құндылықтарды оның ішінде бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың иманды, ізетті, еңбекқор саналы ұрпақ болып қалыптасуын жіті назарда ұстайтындарын әңгіме барасында аңғардық.

“Әр отбасы өз алдына бір шағын мемлекет деп есептеймін. Сол мемлекеттің тәртібі,ережесі, қағидасы болатыны сөзсіз. Менің отбасымныңда өз заңдары бар. Қандай жағдай болмасын бәріміз бірге ақылдасып шешімін табуға тырысамыз. Жолдасым қаламыздағы тұрмыстық зорлық зомбылық көрген орталықта әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеген кезінде Айлинмен танысқан. Анасынан ешқандай мейірім көрмеген қиын жағдайға тап болғанын байқап осы қызды асырап алсақ деп маған ұсыныс жасады. Жұбайымыз екеуміз және балалармен ақылдаса келе Айлинді өз қамқорлығыма алдым. Бала асырап алу үлкен жауапкершілікті жүктейтін болғандықтан бірінші балаларымның ой-пікірін тыңдап үлкен қадамға аяқ бастым. Қазақ жесірін тастамаған, жетімін жылатпаған ғой бұл шешім дұрыс әрі сауапты іс болды деп есептеймін. Айлинді бір ай отбасыма алып ата-әжесімен, балалармен таныстырып, әп сәтте бір-бірімізбен тез тіл табысып, туған қызымдай болып кетті. Ол биыл мектепке барады. Болашағы жарқын болуына барымды саламын”, – дейді көп балалы әке.


Бірлігі жарасқан Асыл мен Мираның шаңырағындағы үлкен қызы Лиана қаламыздағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектепті үздік бітіріп әрі қарай жоғары білім алуға әсем қала Алматыға жол тартпақ. Одан кейінгі қызы Медина 14 жаста болса, ұлы Мирасыл 11-де, Ләйсан 8-де олардың отбасының жаңа мүшесі 7 жастағы Айлин толықтырып жатыр.

Әрбір адам үшін өмірдің мәні – өз отбасы, қуанышы бақыты, байлығы –ол балалары. Асыл қызметте жүргенде Мира балалар тәрбиесімен айналысады. Игі ісімен көпке үлгі болып отырған Байлиндер әулеті еліміздегі жетімдер үйіндегі тәрбиеленушілердің санын азайтып, балалар ата-ананың аялы алақанын сезініп, толыққанды отбасында бақытты өмір сүруге лайықты дейді.