Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай облыстың барлық мәдениет мекемелерінде апталықтар мен онкүндіктер өткізілуде. «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалы мен Семей қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының кәсіподақ комитетінің қолдауымен мекеме қызметкерлері облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасына барып, Абайдың сирек кездесетін кітаптар қорында ұйымдастырылған «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты көрмені тамашалады.
Сирек кездесетін басылымдар бөлімінің басшысы Жаңылгүл Манжибаева Абайдың ерте кезде басылымға шыққан кітаптарының тарихымен, Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, латын графикасындағы 1936 – 1939 жылдар аралығындағы Абай мұрасымен және қытай, түрік және т.б тілдерінде шығарылған Абайдың өлең топатамаларымен, сирек басылым беттеріне шыққан Абайдың жәдігерлік әрекеттері туралы ақпараттармен таныстырып, олардың қалай сақталатыны туралы толық мағлұматтар берді.
Семей қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының қызметкерлері Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрап, жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналғаны туралы пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, келешекте Абай кітапханасында өтетін шараларға үнемі қатысуға ниет білдірді.