Кәсіподақтар қатары толықты

Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Сазды облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі коммунальдық мемлекеттік мекемесінде ұжым мүшелеріннің жалпы жиналысы өтіп, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңына сәйкес мекемеде жұмыс жасайтын еңбеккерлердің жазбаша өтініштері негізінде олар кәсіподақ мүшелігіне қабылданды.

Олар Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының құрамына енді.
Ұжымда 31 адам жұмыс жасайды. Грек рим күресі, күрес, дзюдо, таэквондо, бокс,бес асық, гір көтеру, үстел теннисі, волейбол, гандбол спорт түрлерінен 500 ден астам бала жаттығады.


Ұжымдық жиналыста кәсіподақ төрағасы ретінде грек рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері ,бірнеше дүркін Республикалық және Халықаралық жарыстардың жеңімпазы Тілепқали Кенжеғалиев сайланды.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова жаңадан ашылған бастауыш ұйымға барып, олардың жұмысымен етене танысты. Ол кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақтың бағдары мен жұмысын таныстырып, жүргізіліп жатқан іс-шаралар, жарақаттанудың алдын алу бойынша іске асырылып жатқан жобалар, еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу жөніндегі шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілі арасындағы құқықтық құжат болып табылатын ұжымдық шарт жасасу жөніндегі ақпаратты баяндады.


Әлеуметтік серіктес ретінде Сазды спорт мектебінің директоры,дзюдо және самбо күресінен алғаш облыстағы әйелдер арасындағы КСРО спорт шебері Гүлбану Абдуллина бастауыш кәсіподақ ұйымына сәттілік тіледі