Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Пошта байланысы жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Абылай Әбішев пен Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев бастауыш ұйым мүшелерімен кездесті.
«Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы ұжымымен кездесіп, кәсіподақтың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру бойынша өзара пікір алысты.
Пошта байланысы жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы жетекшілері Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасымен жұмысшылар мен жұмыс берушілердің әлеуметтік әріптестік аясындағы өзара іс-қимылы, қақтығыстардың, еңбек дауларының алдын алу және реттеу әдістері, соның ішінде медиативтік технологияларды қолдану, келіссөздер жүргізу, келісу комиссияларын құру, еңбек қатынастарын реттеу жолындағы қолға алынған,атқарылған жұмыстарды жан-жақты талқылады.
«Кәсіподақ ұйымымен ынтымақтастық жұмыс берушіге де көптеген жеңілдіктер береді.Еңбек даулары болған жағдайда қабылданған шешімдердің заңды негізде орындалуын қадағалайды. Жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін жақсартуға жәрдемдеседі »деп атап өтті кездесуге қатысушылар.